00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Республика күні халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек - Президент

24 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Республика күні халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек - Президент
фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақордада Республика күніне орай бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінде біздің мемлекеттілігіміз қарқынды дамыған егемен республиканың өркениетті әрі құқықтық сипатына ие болды. Қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғап, жан-жақты нығайту – бәріміздің ортақ міндетіміз, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы перзенттік парызымыз. Біз Республика күнінің мән-маңызын, оның мықты мемлекет және көзі ашық, көкірегі ояу ұлт қалыптастыруға бағытталған ауқымды өзгерістердің символы ретіндегі терең мағынасын жастарға түсіндіруіміз керек. Республика күні халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек, - деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, бұл күнде патриоттық, қайырымдылық және волонтерлік іс-шараларды көптеп ұйымдастырған жөн.

Егемендік күні ұлтты ұйыстыратын нағыз елдіктің мейрамына айналуға тиіс. Яғни, осы қастерлі мерекеде Отанға деген шынайы сүйіспеншілікті дәріптеуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ іс. Сондықтан бәріміз бір ел болып атсалысайық!, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.