Президент Маңғыстау облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
4 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: www.akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдап, облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндаманы тыңдады, деп хабарлайды Elorda.info Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.
Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды