00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Астананы дамыту мәселелері жөнінде жиын өткізеді

Президент Астананы дамыту мәселелері жөнінде жиын өткізеді
фото: akorda.kz

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

 

Осы айдың 11 күні Президент «Астана бас жоспарында» елорданың мәселелері бойынша үлкен жиналыс өткізейін деп жатыр. Ең басты мәселе – Бас жоспар және қаланы аббаттандыру, көгалдандыру, қалада тұратын азаматтарға және қонақтарға жайлы жағдай жасау. Сондықтан осы бағыттарға қала бюджетін нақтылауда 20 млрд теңгеден астам қаражат көзделіп отыр. Жалпы, Мемлекет басшысы Астана қаласына ерекше назар аударып, жарты жылдың ішінде екінші рет осы мәселе бойынша жиналыс өткізбек. Ол жерде Үкімет мүшелері толығымен болады, - деді Жеңіс Қасымбек қалалық мәслихат отырысында.

Қала басшысы LRT құрылысы бойынша ғана алдағы 2-3 жылға 250-300 млрд теңге қаражат қажеттігін атап өтті. Мұнан бөлек, үшінші Жылу-электр орталығын, кәріз жүйелерін, басқа да нысандар салуға қомақты қаражат керек болады.

Президенттің ерекше назарының көмегімен қаржы органдары, Үкімет пен өзге де салалық министрліктер арқылы 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке қосымша қаржы тартамыз деп үміттенеміз. Жалпы, алдағы 2-3 жылда бюджетті толықтыру қиын болады, - деді қала басшысы.