Мемлекет басшысы Сербия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
3 қараша, 2024
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін», - деп жазылған жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар
25 қыркүйек, 2026
UBTECH Robotics Corp компаниясының аға президенті Мемлекет басшысына алғыс айтты
25 қыркүйек, 2026
Президент Qazpost-YTО бірлескен кәсіпорнының жұмысын оң бағалады
25 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Xinfa Group компаниясының президентін қабылдады
25 қыркүйек, 2026
Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады