00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

24 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады
фото: aqorda.kz

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Elorda.info  Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің осы жылдың бірінші тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асыру қорытындысы туралы есеп берілді.

Президентке Қазақстанның экономикасы мен қаржы секторындағы ахуал, іскерлік белсенділіктің жақсаруы, депозит нарығының динамикасы, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, Ұлттық қордың активтері мен алтын-валюта резервтерінің жағдайы туралы баяндалды.

Ғалымжан Пірматов ай сайынғы және базалық инфляцияның төмендегенін және реттеушінің бұған дейін жасаған болжамдарына сәйкес келіп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар инфляция деңгейі әлі де жоғары күйінде қалып отыр. Бұл қазіргі ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді.

Мемлекет басшысына жедел төлемдер жүйесінің дамуы және цифрлық теңгені енгізуге дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.