Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала көз жұмды
17 қараша, 2024
фото: ҚР ТЖМ
Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 4 бала көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін оқиға орнына 6 минутта жеткен.
«Өрт алдын ала 500 ш.м. алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты», - делінген хабарламада.
Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды