Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды

Фото: akorda.kz
Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қазақстан мен Германия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

16 қазан, 2025
Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді – Тоқаев

16 қазан, 2025
Президент «Қазатомөнеркәсіп» басшысына бірқатар тапсырма берді

16 қазан, 2025
Қазақстан мен Италия Сыртқы істер министрлері кездесті