Израиль Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады
20 наурыз, 2025
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Израиль тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылады. Сондай-ақ өзара тиімді екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін сақтауға дайын екендерін растады.
Израиль Президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді.
Ұқсас жаңалықтар
25 қыркүйек, 2026
UBTECH Robotics Corp компаниясының аға президенті Мемлекет басшысына алғыс айтты
25 қыркүйек, 2026
Президент Qazpost-YTО бірлескен кәсіпорнының жұмысын оң бағалады
25 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Xinfa Group компаниясының президентін қабылдады
25 қыркүйек, 2026
Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады