Динара Шүкежанова Мәжілістегі депутаттық креслосымен қоштасты
Бұл туралы мәжіліс депутаты өзі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Динара Шүкежанова депутаттықтан бас тартып, өнеркәсіпке оралу туралы ұйғарымға келген.
Достар, ұзақ ойлана келе депутаттықтан бас тартып, өнеркәсіпке оралу туралы ұйғарымға келдім. Әрине, мен үшін күрделі шешім болды. Дегенмен әріптестерім қолдау білдіріп, бүгіннен бастап ресми депутат лауазымынан кеттім.
Бір жылға жуық уақытта халық және бизнес мүддесін қорғау мақсатында бірнеше заңның шығуына ұйытқы болдым. Сонымен қатар бірнеше салаға қатысты түзетулер енгіздік. Мәселен салық кодексі, бюджет, өнеркәсіп саласына қатысты және қоғамның дертіне айналған нашақорлықпен күрестік күшейттік. Қоғам тарапынан қолдау тауып, ел экономикасының өрбуіне оң әсерін тигізді деп білемін. Ал қалған бастамаларды партияластарым жалғастырады. Оған өзім де «Republica» партиясының тең төрағасы ретінде атсалысатынымды, партияда қалатынымды хабарлаймын.
Жаңа, жас партиямызға сенім білдіріп, дауыс берген барша сайлаушыларға және саяси сахнада тәжірибемді арттырып, қолдау білдірген әріптестеріме алғысым шексіз!
Алдағы уақытта ел экономикасының тірегі – өндіріс саласының дамуына бар күш-жігерімді саламын! - деді экс-депутат.