00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды
Фото: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Дәурен Абаев 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін мәдениет және спорт министрі болды. Бұған дейін 2020 жылдың мамырынан бастап ол Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болды, ал одан да ертерек – 2016 жылдан бастап Ақпарат және коммуникациялар министрлігін басқарды. Ол, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы болып тұрған кезде Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы (2011-2015) және кеңесшісі (2013-2016) болды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болды, оның Атқару Комитеті Беларусь астанасы – Минскіде орналасқан.