Тоқаев пен Иордания Королі «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Басқарушы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарды Орталық қызметінің нәтижелерімен, АХҚО сотының, Халықаралық төрелік орталығының, Қаржы қызметін реттеу комитетінің және АХҚО биржасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ бірегей корпоративтік «Сенім музейінің» жұмысымен таныстырды.
АХҚО негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталыққа 85 елдің 4200-ден астам компаниясы резидент ретінде тіркелді.
Ұқсас жаңалықтар

10 қазан, 2025
Тоқаев: Қазақстан мен Ресейді достық қарым-қатынастар байланыстырады

10 қазан, 2025
Тоқаев ТМД аясында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынды

10 қазан, 2025
Мемлекет басшысы Душанбедегі Ұлттар сарайына барды

9 қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты