Қазақстан мен Ауғанстан білім беру бастамаларын жалғастыра беруге ниетті

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовты қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы Ауғанстан билігімен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда арнаулы өкілдің ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Арнаулы өкілге аталған елмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салаларда өзара тиімді ықпалдастықты жолға қою тапсырылды.
Президент Алматы қаласында ашылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында гуманитарлық және білім беру бастамаларын жалғастыра беруге ниетті.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қазақстан мен Германия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

16 қазан, 2025
Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді – Тоқаев

16 қазан, 2025
Президент «Қазатомөнеркәсіп» басшысына бірқатар тапсырма берді

16 қазан, 2025
Қазақстан мен Италия Сыртқы істер министрлері кездесті