Тоқаев Түркия Президентіне шынайы ризашылығын білдірді
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан Президентінің пікірінше, Түркия астанасында өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың бауырластық, өзара сенім және стратегиялық серіктестік рухында дамып, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді.
Еліміз Түркиямен БҰҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастықты жоғары бағалайды. Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институттандыру процесіне тұрақты қолдау білдіргені үшін алғыс айтады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:44
«Жасыл» трансформация: Қазақстан мен Финляндия бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады
Бүгін, 17:09
Мемлекет басшысы Қызылорда облысында атқарылған жұмысқа оң бағасын берді
Бүгін, 17:05
Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды
Бүгін, 16:58
Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты
