Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар еліміздің Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:44
«Жасыл» трансформация: Қазақстан мен Финляндия бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады
Бүгін, 17:09
Мемлекет басшысы Қызылорда облысында атқарылған жұмысқа оң бағасын берді
Бүгін, 17:05
Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды
Бүгін, 16:58
Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты
