Ангола азаматы Президентпен қазақ тілінде сөйлесті
6 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары кезінде Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел университетінде болды, деп хабарлады Elorda.info
Студенттермен кездесу кезінде аталған оқу орнында Ангола мемлекетінен келіп, білім алып жатқан Ферейра Элиша Мемлекет басшысымен қазақ тілінде сөйлесті.
Кездесудің видеосы Ақорданың Telegram каналында жарияланды.
Біздің университетке қош келдіңіздер. Мен Анголадан келдім. Сізбен кездескеніме өте қуаныштымын. Қазақ елі жасай берсін,-деді ол.
Ангола азаматы аталған оқу орнының 4-курс студенті.
Өз кезегінде Президент өзінің Біріккен ұлттар ұйымында қызмет етіп жүрген кезінде Ангола астанасы Луандада бір мәрте іс сапармен болғанын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды