00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанаға БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары келеді

Астанаға БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары келеді
ашық дереккөз

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Астанаға БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары келетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

2023 жылғы 16-17 наурыз аралығында БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрктің Астана қаласына жұмыс сапары өтеді. Ф.Тюрктің мемлекет және Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесулері жоспарлануда, - деді ол.

СІМ ресми өкілінің мәліметінше, мейман дәріс оқуды жопарлап отыр.

Сонымен қатар жоғарғы комиссар биыл аталып өтетін Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік декларацияның 75 жылдығына және Іс-қимыл жоспары бойынша Вена декларациясының 30 жылдығына арналған Қазақ мемлекеттік заң университетінде дәріс береді. 17 наурызда БҰҰ ғимаратында сапар нәтижесі бойынша қорытынды баспасөз брифингі өтеді, - деді Айбек Смадияров.