Жер сілкінісі: Түркия елшісі көмегі үшін Қазақстанға алғыс білдірді
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи Қазақстанға көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстандық бауырларымыздың алғашқы сәттен-ақ жауап қайтарып, жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтқаны бізді қуантты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдарына қолдаулары мен тілектері үшін алғысымды білдіремін, - деді Түркия елшісі Астанада өткен брифингте.
Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жойқын жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Жер сілкінісінің магнитудасы 7 балдан жоғары болды.
Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:36
Орталық Азия мемлекеттері мен Германия бірлескен мәлімдеме жасады
Бүгін, 14:58
Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық кеңес құру туралы ұсынысты қолдады
Бүгін, 13:07
Президент: Германияның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық тұрғыдан дамуы көптеген мемлекетке жақсы үлгі
16 қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті