Сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаев сайланды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын.
Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан оны Сенат төрағалығына лайықты деп санаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жасырын дауыс беру кезінде барлық сенатор Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:49
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
Бүгін, 09:41
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Бүгін, 00:40
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды