Сайлаушылар тізіміне енгізу қалай жүргізіледі
Орталық сайлау комиссиясы республика сайлаушыларына үндеуінің жобасын әзірледі. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
ОСК барлық азаматтарға өзін жергілікті атқарушы органдарға жүгінуге және заңдарда белгіленген мерзімдерде яғни осы жылдың 17 ақпанынан кешіктірмей өзін сайлаушылар тізіміне енгізу бойынша заңдық маңызы бар іс-әрекеттерді жүзеге асыруға шақырады.
Тізімдерде дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдар, әкімдіктер жасайды.Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тізімдерде олардың орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берген өтінішінің негізінде енгізіледі. Дауыс беру күні өзінің тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын әрбір азамат дауыс беру күніне 30 күн қалғанда яғни 2023 жылғы 17 ақпаннан кешіктірмей тиісті әкімдікке өтініш беріп, өзінің нақты орналасқан жері бойынша сайлау учаскесінде тіркелуге құқылы, - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.
Өтініш түскен кезде әкімдік азаматы тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізуді ұйымдастырады.
Осы құқықты дауыс беру күні тіркелген жері бойынша болмайтынын білетін азаматтар, басқа қаладан келген арнайы жоғары және орта оқу орындарында оқитын, жатахқаналардан тыс тұратын студенттер, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады. Сайлаушылар тізіміне тіркелген жеріңіз бойынша енгізілгеніңізді тиісті әкімдіктің сайты немесе колл-орталық арқылы тексеруге болады, - деді Ш.Өтемісов.
2023 жылғы 4 наурыздан бастап сізге өз учаскеңіздегі сайлаушылар тізіміндегі деректеріңізді тексеру мүмкіндігі берілетін болады.
Құрметті сайлаушылар. Сіздерді құқықтық-сауаттылық танытып, өзіңіздің сайлауға қатысуға Конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз. Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қажетті заңдық маңызы бар әрекеттерді уақытылы қабылдаңыз. Әркімнің дауысы – маңызды, - деді ОСК мүшесі.
#менсайлауғабарамын, #мендауысберемін, #сайлау2023