00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ауыл – ел бесігі»: биыл 1,5 мың жоба іске асырылады

«Ауыл – ел бесігі»: биыл 1,5 мың жоба іске асырылады
ашық дереккөз

Ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру мақсатында іске қосылған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы басталғалы жалпы құны 326 млрд теңге болатын 3,6 мың жоба іске асырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Әлихан Смайлов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Оқи отырыңыз: Елімізде мал жаюға 8,9 млн гектар жайылым жетіспейді

Ауылдарда 2027 жылға дейін 40 мың жаңа жұмыс орны құралады

Үкімет басшысы өңірлік бөліністе Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан  облыстарында  бөлінген қаражатты игеру  және жобаларды пайдалануға беру қарқыны жақсы екенін атап өтті. Ал, кейбір өңірлер әлі де жобаны толыққанды іске асыра алмай келеді.

Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында  қаржыны игеру және жобаларды іске қосу деңгейі төмен. Аталған өңір әкімдері «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға ерекше назар аударуы тиіс.  Әсіресе,  жобалардың уақытылы орындалуын қатаң бақылауға алу керек. Биыл жалпы құны 143 млрд теңгеге 1,5 мың жоба жоспарланған,- деді Әлихан Смайлов.