00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Петиция сайтына қанша қаражат жұмсалады - Министр жауап берді

31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Петиция сайтына қанша қаражат жұмсалады - Министр жауап берді
ашық дереккөз

Елімізде петицияға арналған ресми сайт пайда болады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қоғамдық бақылау туралы» және онлайн петиция туралы Заң жобасын таныстырды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл  Заң жобасы еліміздегі азаматтардың мемлекет істеріне араласуына, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік секторларды бақылауға, олардың жұмыстарын қадағалауға мүмкіндік береді.

Онлайн петиция бұған дейін қоғамда талқыланып келген мәселелерге ықпал етеді. Сол арқылы ұсыныстар, хабарламалар, елдің тілегі рәсімделіп, тиісті құрылымдарға жауап беру міндеті жүктеледі. Сондықтан бұл да азаматтық қоғамның қалыптасуына жасалған қадам деп қабылдаймыз, - деді министр.

Министрге «Сайтты әзірлеуге қанша қаражат қажет?» деген сауал қойылды.

Оны біз есептей алмаймыз. Мұны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі  есептеп жатыр. Бұл порталдың ішкі мазмұнына, азаматтардың талап-арыздарына Ақпарат және қоғамдық даму министрі жауапты болса, ал оны техникалық жағынан қамтамасыз етуге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жауапты, - деді Дархан Қыдырәлі.