00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ЕҚЫҰ елдегі десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімдерін тексерді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ЕҚЫҰ елдегі десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімдерін тексерді
ашық дереккөз

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көпұлтты тобы десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерін тексерді, деп хабарлады Elorda.info.

Нидерланд, АҚШ және Франция өкілдерінен құралған инспекциялық топқа оқу-жаттығу полигондары, атыс алаңдары, казармалар және Алматы мен Қонаев гарнизондарындағы әскери бөлімдердің басқа да объектілері көрсетілді.

2011 жылғы Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы Вена құжатына сәйкес, Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығы ұйымдастырған брифингтер барысында ЕҚЫҰ өкілдеріне құрамалар мен әскери бөлімдердің күнделікті және оқу-жауынгерлік тыныс-тіршілігі, халықаралық оқу-жаттығуларға және бітімгершілік миссияларға қатысып жүрген әскери қызметшілер таныстырылды.

Комиссия 25 қарашаға дейін Алматы және Қонаев қалаларының аумағында жұмысын жалғастырмақ. Инспекциялау жерде – автокөлікпен, әуеде Әскери-әуе күштерінің тікұшағымен бақылау арқылы жүзеге асырылады.