00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Түркі мемлекеттері ұйымының СІМ басшылары кездесті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Түркі мемлекеттері ұйымының СІМ басшылары кездесті
ашық дереккөз

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 9-шы саммиті қарсаңында Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарды, деп хабарлады Elorda.info.

СІМ басшысы өз сөзінде Қазақстанның түркі ынтымақтастық ұйымдары шеңберіндегі өз міндеттемелеріне берік ұстанымын және мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, экономикалық және мәдени өзара іс-қимылын нығайтуға, сондай-ақ Ұйымның тиімділігін арттыруға үлес қосуға дайын екендігін атап өтті.

Отырыс барысында қатысушылар ТМҰ мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтетін 9-шы саммиттің күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады, атап айтқанда, осы іс-шара барысында қол қоюға және қабылдауға жоспарланған құжаттар мен шешімдердің жобалары бекітілді.