00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекет басшысы Вьетнам вице-президентімен кездесті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы Вьетнам вице-президентімен кездесті
ашық дереккөз

Қазақстан Президенті АӨСШК жұмысына белсенді қатысқаны үшін Вьетнам тарапына алғыс айтып, екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті, деп хабарлады Elorda.info «БОРТ N1» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Тхи Ань Суан өзара сауда-экономикалық іс-әрекеттің табысты дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Вьетнам халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығая түскенін, екі ел арасындағы әуе қатынасының ашылғанын айтты. Сондай-ақ сауда, туризм, аграрлық, көлік-логистикалық және қаржы салаларындағы байланыстарды күшейту үшін мол әлеует бар екеніне назар аударылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президенті Нгуен Суан Фукке сәлем жолдады.

Өз кезегінде Во Тхи Ань Суан өз мемлекетінің басшылығы атынан Қазақстан Президентіне Вьетнамға сапармен келуге шақыруын тапсырды.