00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 6 өрт сөндіру бөлімшесі қайта жаңғыртылады

Елордада 6 өрт сөндіру бөлімшесі қайта жаңғыртылады
фото: instagram.com/kanalimov

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елордамыздың төтенше жағдайлар қызметінің үш жылдық кешенді даму жоспарының жүзеге асырылуын тексердік. Бұл жоспар қала әкімдігі мен мәслихат депутаттарының келісімімен қабылданды. Бағдарламалық құжат өрт сөндіру деполары мен бөлімшелерін салу және жөндеуге, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге және құтқарушылардың әлеуметтік қолдауына бөлінді. 2025 жылы 1970-1980 жылдары салынған алты өрт сөндіру бөлімшесін жаңғырту жоспарланған. Сондай-ақ, 60-қа жуық жаңа арнайы техника сатып алынды, - деп жазды Ерлан Каналимов.

Биыл алғаш рет құтқарушылар мен өрт сөндірушілер заманауи жабдықтармен және еуропалық стандарттарға сай арнайы костюмдермен қамтамасыз етілген. Бұл олардың қауіпсіздігін арттырады.

Мәслихат төрағасының жазуынша, келесі жылы «Үркер» тұрғын алабында заманауи өрт сөндіру бөлімшесі ашылады.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметінің екі мың қызметкері мен олардың отбасыларының әлеуметтік қорғалуына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл шаралар балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды, балабақша орындарымен қамтамасыз етуді және тұрғын үй төлемдерін қамтиды. Бұдан бөлек, департаменттің қосымша қажеттіліктерімен танысып, оларды елорда мәслихатының салалық комиссиясының алдағы отырысында қарастыруды жоспарлап отырмыз,- деп жазды ол.