00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тоқаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тоқаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдады
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задені қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік рухани көшбасшылар съезінің қорытындысы жаһандық сын-қатерлерге бірлесе қарсы тұруға ықпал етіп, ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бауырлас Қазақстан мен Әзербайжан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастық байланыстарын нығайтудың маңызды екенін атап өтті.

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Бакуге сапарының қорытындысына оң баға берді. Бұдан бөлек, Қазақстанның діндер мен өрткениеттер диалогын дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.