Ерлан Қошанов: Қазақстан қазір тағы бір кезеңге аяқ басты. Бұл – тарихи сәт, тарихи оқиға
Алда өткелі жатқан референдумның мәні мен маңыздылығы өте жоғары. Себебі жасалып жатқан реформалар – тарихи реформалар. Қазақстан қазір тағы бір кезеңге аяқ басты. Бұл – тарихи сәт, тарихи оқиға. Бұл реформалар жоғарыдан келген бір нұсқау немесе тапсырма арқылы емес, халықтың, қоғамның сұранысынан туындап отырған, соған негізделген реформалар, - деді Мәжіліс төрағасы.
Сондай-ақ ол реформа жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын басып айтты.
Президенттің осыдан үш жыл бұрынғы алғашқы бастамалары қандай болды? Ол «халық үніне құлақ асатын мемлекет құру» еді. Сол жүйелі тұрғыда осыған бастап келеді. Халық үніне құлақ асудың бір көрінісі – бүгінгі болып жатқан, қоғамның сұранысынан туындаған реформалар. Реформадан әр қазақстандық не күтеді? Ең алдымен, өзінің отбасының, ұрпағының болашағының қандай болатынына жауап іздейді. Екіншіден, өзінің туған өлкесі, ауылы, қаласының келешегі қандай болмақ деген сұраққа жауап тапқысы келеді. Үшіншіден, еліміздің болашақта қандай жолмен дамитынына жауапты көрсем дейді. Бүкіл осы сұрақтарға жауапты әрбір отандасымыз Президенттің реформаларынан тапты деп ойлаймын, - деді Ерлан Қошанов.