00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Халық болып қолдайық

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халық болып қолдайық
ашық дереккөз

Мен Президен­тіміз Қасым-­Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгеріс енгізу жөніндегі референдумын батыл қолдаймын. «Жаңа Қазақстан» құру үшін Ата Заңымыз да соған лайықты болуы керек. Өйткені Конституцияда көптеген артық бап, мазмұн бар. «Жаңа Қазақстан» құру үшін сол басы артық баптарды, жеке адамдардың мүддесі үшін жасалған нормаларды алып тастау өте дұрыс деп санаймын. Конституция халықтың, мемлекеттің мүддесін негізге ала отырып жазылатындықтан, оның ішінде Елбасына және оның туыс-туғандарына қатысты баптардың болғаны дұрыс емес. Ешбір мемлекеттің заңында ондай бап жоқ. Ендеше Елбасының еңбегі Ата Заңда емес, тарихи еңбектерде жазылса да жеткілікті. Өйткені бәріне халық пен уақыт төреші ғой. Сонымен қатар Конституцияда жаңартатын баптар да бар. Соның бірі – мемлекеттік тілге байланысты бап. Мемлекеттік тіл қазір біздің елде қордалы мәселеге айналды. Референдум шешімі елімізді жаңа кезеңге бастайды деп сенемін. – деді С. Дүйсенғазин.