00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагерін Қазақстанға шақырды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагерін Қазақстанға шақырды
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы мен тақ мұрагері сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ерекше мән бере отырып, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың оң перспективаларын атап өтті.

Тараптар екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды күшейту маңызды деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржылық қызмет көрсету және туризм сияқты салалардың әлеуеті зор екеніне назар аударды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салман Әл Саудты елімізге сапармен келуге шақырды. Тақ мұрагері шақыруды ілтипатпен қабыл алды.

Көшбасшылар бір-бірін қасиетті Рамазан айымен құттықтады.