00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы су мәселесі талқыланды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы су мәселесі талқыланды
ашық дереккөз

Кездесу барысында Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су жағдайын жақсарту бойынша бірлескен шаралар талқыланды.

Талқылау нәтижесінде Шардара су қоймасына құйылатын ағынды арттыру және мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы суды тұрақты беру бойынша бірлескен шаралар қабылдау туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімге қол қою мәселелері талқыланды. Тараптар Келісім жобасын келісу бойынша рәсімдерді жеделдетуге ниет білдірді.

Сондай-ақ, екі елдің Премьер-министрлері деңгейінде су қатынастары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі екі жақты комиссия құру мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, тараптар Орталық Азия су-энергетикалық консорциумын құру және ГЭС құрылысына қатысу мәселелері бойынша консультациялар жүргізді.