00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президенттің батыл әрі уақтылы шешімдері бейбіт өмірге тез оралуға мүмкіндік береді – Мәулен Әшімбаев

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президенттің батыл әрі уақтылы шешімдері бейбіт өмірге тез оралуға мүмкіндік береді – Мәулен Әшімбаев
ашық дереккөз

Құрметті достар!

Соңғы күндері еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалар салдарынан біраз азаматымыздан айрылып қалдық. Соған байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Парламент Сенатының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектеспіз.

Мемлекет басшысының батыл әрі уақтылы шешімдері Қазақстанның бейбіт және қалыпты өмірге тез оралуына мүмкіндік береді.

Осындай күрделі кезеңде біз Президентіміздің айналасына топтасуымыз қажет. Бұл - жағдайды тұрақтандыру, экономиканы қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру және барлық салада жаңа реформаларды іске асыру үшін маңызды қадам, – деді М. Әшімбаев.