Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті
Сапар барысында министр Б.Сұлтанов Ауғанстанның қазіргі әкімшілік өкілдерімен келіссөздер өткізді. Олардың қатарында Абдулла Салам Ханафимен, сыртқы істер министрі Амир Хан Муттаки мен Ауғанстанның сауда және өнеркәсіп министрі М.А. Нуриддин Азизи бар.
Б. Сұлтанов ауған әкімшілігі өкілдеріне Қазақстан БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты еңсеру жөніндегі күш-жігеріне толық қолдау көрсетіп, белсенді қатысып отырғанын хабарлады. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арқылы 20 мың тонна қазақстандық ұн сатып алынды.
Көптеген халықаралық әріптестер сияқты, ауғанаралық қақтығыстың белсенді кезеңі аяқталды және елді жанжалдан кейінгі кезеңде қалпына келтіретін уақыт келді деп үміттенеміз, – деді Б.Сұлтанов.
Айта кетейік, қазақстандық ұн экспортының жартысынан астамы және астық экспортының 10%-дан астамы тек ауған нарығына бағытталған.