Қазақстанда атом электр стансасы салынады
"Біз атом станциясын саламыз. Мердігер мен технологияны таңдау керек. Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея және америкалық компаниялар да зор ықылас білдіріп отыр. Енді біз мұны қайда салу керегін қарастырамыз.
Бүгінгі таңда бізде электр энергиясы артық. Берер жер таппаймыз. Мұнай, газ, көмір елі. Бірақ атом станциясы құрылысына 7-8 жыл қажет болғандықтан, сол кезде тапшылық пайда болады", - деді Назарбаев "QAZAQ: Алтын адамның тарихы" сегіз сериялы жобасында америкалық кинорежиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында.
Ол Ресей билігі атом электр станциясын салғысы келетінін және Қазақстан басқа елдермен келіссөздер жүргізіп жатыр ма деп үнемі сұрайтынын нақтылады.
"Бізде қайда және қашан салу керегін қарастыратын комиссия бар. Бүгінгі таңда бұл бірінші мәселе емес. Бірақ біз құрылыс жүргіземіз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.