00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің 5-кезеңі басталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің 5-кезеңі басталды
ашық дереккөз

«Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» кезеңіне «құзыреттерді бағалау» кезеңінің құзыреттер бойынша сұхбат бөлімінің қорытындылары негізінде ең жақсы нәтиже көрсеткен 100 адам жіберілді. Ә ңгімелесу кезеңі 3-10 желтоқсан аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде офлайн форматта өтеді. Комиссиясының мүшелеріне кандидаттардың терең сұхбатының нәтижелері бойынша қысқаша есептер ұсынылады», деп жазды Ерхан Таткен Facebook -тегі парақшасында.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кірді. Комиссия отырысына байқаушылар ретінде қоғам және БАҚ өкілдері шақырылды.

«Сарапшылық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 65 кандидаттан аспайтын тізім жасалады, олар Ұлттық комиссия отырысының қарауына ұсынылады. Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке енгізіледі. Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты - қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау», - дедң баспасөз хатшысы.