00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бейбіт Атамқұлов Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрімен кездесті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бейбіт Атамқұлов Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрімен кездесті
ашық дереккөз

Тараптар өңдеу, тау-кен өнеркәсібі, азаматтық авиация, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушылар екі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін тікелей әуе рейстерін ашу туралы келісті.

Сондай-ақ, саудиялық тарап қазақстандық кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі кейбір өндірістік компанияларды таныстырды.

Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсартуға және әлеуетті инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді.