Қазақстанның татулығын сақтау жолындағы жұмыстарды жүзеге асырамыз – Тілеген Садық

Қазақстанның татулығын сақтау жолындағы жұмыстарды  жүзеге асырамыз – Тілеген Садық
Коллаж: Elordainfo.kz

Президенттің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясына қатысты ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық кеңесінің Астана қаласы бойынша  төрағасы Тілеген Садық пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Үлкен қоғамдық-саяси мәні бар іс-шара өтті. Бұл – ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған  XXXIV сессия. Оған Қазақстанның әр облысынан келген 1200-ден астам адам  қатысты. Тәуелсіздік сарайында өткен бұл іс-шараның маңыздысы – оған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  қатысуы», - деді профессор.

Төраға сессияда Президенттің айтқан бірнеше мәселесіне жеке тоқталып өтті.

«Біріншіден, Президент осы 30 жыл бойы үлкен саяси-қоғамдық бірлестік ретінде Қазақстан халқын біріктіру жөніндегі Ассамблеяның рөлін өте жоғары бағалады. Оның өміршеңдігін, жалпы Қазақстанның  осы тәжірибесі әлемдік деңгейде бағаға  ие болып жатқанын айтты. Екіншіден, Президент бүгінгі еліміздегі жалпы әлемдік деңгейдегі болып жатқан геосаяси мәселелерге байланысты елдің болашағы туралы мәселені  көтерді. Қазақстан жерін мекендеп жатқан,  өзінің «ата жұртым, елім» деп қабылдаған қазақтар ғана емес, басқа ұлттардың болуы - маңызды құндылық. Осы мәселеге  көп тоқталды. Болашақта Қазақстанның қоғамдық бірлігін, татулығын сақтау жолындағы жұмыстарды  жүзеге асырамыз деп ойлаймын», - деді Тілеген Садық.