Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі айрықша – Анас Баққожаев

Бүгін, 15:27
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі айрықша – Анас Баққожаев
фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» фракциясының мүшесі Анас Баққожаев Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор екенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Әлеуметтік желіде «Қазақстан халқы Ассамблеясының ролі қандай?» деген сұрақтар жиі келеді. Бұл сұраққа жауап бермес бұрын осы ұйымның статусы жайлы айта кету керек. ҚХА-ға Конституцияға сәйкес Парламентке депутат сайлауға құқық берілген. Демек еліміздегі әртүрлі этностардың мүддесі заң шығарушы органда ұсынылады, ескеріледі деген сөз. Оны біз көріп те, сезіп те келеміз. Сенаттағы әріптестеріміздің жоғары деңгейде жұмыс атқаруы соның айқын дәлелі», - деді А.Баққожаев.

Депутаттың айтуынша, Қазақстандағы 130-дан астам этностың ынтымағын қамтамасыз ету үшін сол ұлттардың лидерлері мен беделді азаматтары бір шаңырақ астына бас қосып, түрлі мәселелерді шешу жолында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы тиіс.

«Ассамблеяның айрықша рөлі осы және ол оны 30 жыл бойы жоғары деңгейде атқарып келеді.

Бүгінгі мерейлі жиында Президентіміз, Ассамблеяның төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы өте маңызды сұрақтарға назар аударып, бірлік пен ынтымақ жолындағы ҚХА-ның басқаларға үлгі болатын тәжірибелерінің көп екенін атап өтті. Нақты мысал ретінде Этномедияциялық орталықты келтіруге болады. Ол түрлі келеңсіздіктерді анықтап, екі тарапты дереу татуластырып жүрген, мәмілегершілікке жетелеген арнайы институт.

Құрметті Ассамблея мүшелері, отандастар! Татулық пен берекенің эталонына айналған осынау ұйымның 30 жылдығы құтты болсын! Достық барда еліміз аман, жұртымыз тыныш боларына кәміл сенемін», - деді Мәжіліс депутаты.