Президент спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

26 қыркүйек, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views78
Президент спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Загреб қаласында өткен күрес түрлері бойынша Әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктері үшін спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Құрмет» орденімен:

1. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Айдос Сұлтанғали;

2. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Нұрқожа Қайпанов;

3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы Камал Гаджимагомедов марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалі:

1. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Асылжан Есенгелдіге;

2. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы Еркебұлан Кешубаевқа берілді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Алғысы:

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының жаттықтырушысы Юрий Мельниченкоға жарияланды.