Елордада демалыс күні жаппай жүгіру жарысы өтеді

Елордада 28 қыркүйек күні жаппай жүгіру жарысы өтеді. Бұл іс-шараны Астанадағы Үндістан Елшілігі ұйымдастырып отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жексенбі күні сағат 9:30-да Астанадағы Махатма ганди ескерткіші жанында «Viksit Bharat Run 2025» іс-шарасы өтеді. Бұл іс-шара Сева Пахвада яғни қызмет крөсету онкүндігі аясында ұйымдастырылып отыр. Осы уақытта Үндістанда және шет елдерде азаматтық белсенділікті, қоғамға қызмет етуді насихаттайтын іс-шаралар өткізіледі. «Viksit Bharat Run 2025» іс-шарасы әлемнің 150-ден астам қаласында «Ұлтқа қызмет ету үшін жүгір» ұранымен болады. Бұл бастама Үндістан Премьер-министрі, құрметті Нарендра Модидің 75 жылдық мерейтойына орайластырылған», - деп жазылған хабарламада.
Қатысушылар үшін 3 шақырым және 5 шақырым қашықтықтар қарастырылған. Сондай-ақ «Ek Ped Maa Ke Naam» («Табиғат анаға бір ағаш») бастамасы аясында ағаш отырғызу шарасы болады. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпаққа табиғатты қорғауға дәріптеу.