Президент Финляндия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай Президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-фин өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Финляндия халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентін туған күнімен құттықтаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:35
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

14 қазан, 2025
«Лукойл» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды

14 қазан, 2025
Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының мерейтойлық іс-шарасына қатысты

14 қазан, 2025
Байыпты жолмен бір палаталы Парламентке өтуді бастаймыз - Президент