Президент ақын Исраил Сапарбайдың отбасына көңіл айтты

Фото: Оңалхан Өнерхан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
– Исраил Сапарбай ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан дарынды қаламгер еді. Ұлттық поэзия мен драматургияда өзіндік қолтаңбасын қалдырып, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнімді еңбек етті. Қалың оқырман өміршең туындыларымен қатар ұлтжанды азаматтығын жоғары бағалады. Соңына бай әдеби-мәдени мұра қалдырған Исраил Сапарбайдың жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды, – деп жазылған жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

14 қазан, 2025
«Лукойл» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды

14 қазан, 2025
Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының мерейтойлық іс-шарасына қатысты

14 қазан, 2025
Байыпты жолмен бір палаталы Парламентке өтуді бастаймыз - Президент