00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Жетісуда полиция трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады

Жетісуда полиция трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
фото: Polisia.kz/видеодан алынған кадр

Жетісуда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау бойынша операция жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұсталған топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған.

«Анықталғандай, жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов. 

Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда. 

«Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Қуандық Әлжанов.