Жанармай құю бекетіндегі екі адам қаза тапқан өрт бойынша сот үкімі шықты

26 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Жанармай құю бекетіндегі екі адам қаза тапқан өрт бойынша сот үкімі шықты
Фото: freepik.com

Түркістан облысы Жетісай аудандық соты жанармай құю бекетінде болған төтенше жағдайға қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағандықтан бекеттің оңтүстік шығысында тұрған екі адамды күйік шалып, салдарынан екеуі де қаза тапқан.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы тарапынан абайсызда екі адамның өліміне алып келген қайғылы жағдай бойынша сотталушылардың кінәсі дәлелденген.

Сот үкімімен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, екі адамның қазасына алып келген жағдай бойынша JOL YRYSY ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорына әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.