00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Шетелдіктерге заңсыз құжаттар әзірлеп берген екі елордалық сотталды

Шетелдіктерге заңсыз құжаттар әзірлеп берген екі елордалық сотталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астананың екі тұрғыны Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген 49 шетелдіктерге заңсыз Қазақстан Республикасының азаматтығын және уақытша тұруға арналған рұқсат алуды ұйымдастырған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Олардың бірі жалған неке куәліктерін, медициналық анықтамаларды және басқа да құжаттарды жасап, екіншісі клиенттерді тауып, біріншісімен байланыстырған.

Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде олар әр шетелдіктен 80 мыңнан 1 млн теңгеге дейін табыс тапқан, - делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Сотта мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсі дәлелденді.

Сот үкімімен оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Заңсыз алынған 107 мың АҚШ доллары, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль сомасында ақшалай қаражаттар мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.