«Заң бәріне бірдей»: Полиция блогер Daricorn-ның видеосы туралы айтты

«Заң бәріне бірдей»: Полиция блогер Daricorn-ның видеосы туралы айтты
Видеодан кадр

Алматы полициясы мәліметінше, интернет-кеңістігін талдау барысында, белгілі блогер-қыздың жол қозғалысы ережесін демонстративті және өрескел бұзғаны – сигнал бермей, кенеттен қозғалыс жолағын ауыстырып, апаттық жағдай тудырған видео анықталған.

"Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабы 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, мұндай әрекеттер жай ғана жауапсыздық емес, ол басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру. Мұның бәрі интернеттегі лайк пен қаралым үшін жасалады.

"Танымалдылық деңгейі, жазылушылардың саны жауапкершіліктен босатпайды. Заң бәріне бірдей. Жазаның бұлтартпау принципі бәріне қолданылады.

Алматы полициясы ескертеді: заңбұзушылық бар әрбір бейнеден кейін реакция болады. "Бәріне рұқсат" тақырыбында хайп жасау әрекеттері қатаң құқықтық бағаға ие болады", - делінген хабарламада.