Қырғызстан тауында қалып қойған альпинисті құтқару жұмыстары тоқтатылды

Бүгін, 09:38
Айман Нығмет Айман Нығмет
views48
Қырғызстан тауында қалып қойған альпинисті құтқару жұмыстары тоқтатылды
фото: Наталья Наговицинаның жеке парақшасынан

Қырғызстанның альпинистер федерациясының басшысы Эдуард Кубатов ресейлік альпинист Наталья Наговицынаның шатырының жаңа видеосын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Альпинистер федерациясының басшысының сөзінше, «Жеңіс» шыңына дронның көмегімен екі мәрте визуалды шолу жүргізілген. 

«Өкінішке орай, Наталья Наговицынадан өмір белгілерінің байқалмағанын мәлімдеуге мәжбүрміз. Барлық құтқару операциялары тоқтатылды және бұл қайғылы фактіні мойындауымыз керек. Шолудың барлық бейнематериалдары Натальяның ұлына жеке табысталады. Қырғыз тарапынан альпинистті құтқару үшін барынша шаралар қабылданды. Алайда шектен тыс биіктік, өте ауыр ауа райы, тікұшақтың күрделі қонуы және құтқарушылардың физикалық жағдайы күткен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермеді. «Жеңіс» шыңының тарихында 7200 метр биіктіктен бірде-бір сәтті құтқару операциясы болған емес және біз құтқарушы-альпинистердің өмірін одан әрі қауіпке тіге алмадық»,- деп жазды Эдуард Кубатов.

Еске сала кетейік,  ресейлік альпинист Наталья Наговицина 2025 жылы 12 тамызда «Жеңіс» шыңы аумағында жарақат алып, 7 мың метрден асатын биіктікте жалғыз өзі қалып қойды. Альпинистің ұлы Ресей билігінен көмек сұрап, анасының әлі де тірі екеніне сенетінін айтқан болатын.