«Анамның тірі екеніне сенемін»: Қырғызстан тауында қалып қойған альпинистің ұлы мәлімдеме жасады

Қырғызстандағы Жеңіс шыңына шығып, аяғынан жарақат алғандықтан тауда қалып қойған ресейлік альпинист Наталья Наговицинаның ұлы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Михаил Наговицын анасының әлі де тірі екеніне сенеді.
«Менің анам Қырғызстандағы Жеңіс шыңынан төмен түсу кезінде 2025 жылғы 12 тамызда жарақат алып, 7 мың метрден асатын биіктікте жалғыз өзі қалып қойды. Ол тәжірибелі альпинист, альпинизм бойынша ІІ спорттық разряд иегері, денсаулығы мықты әрі физикалық дайындығы өте жақсы. Анаммен байланыс үзілгеннен кейін 7 күн өткен соң Maga.fpv алынған видеода оның қолын бұлғап тұрғанын көруге болады. Ол сергек, күш-қуаты бар. Мен анамның әлі күнге дейін тірі екеніне кәміл сенемін»,- деп жазды Михаил Наговицын.
Альпинистің ұлы Ресей билігінен көмек сұрады.
«Ауа райы болжамына сәйкес, қолайлы метеорологиялық жағдай тек алдағы екі күн ішінде ғана сақталады. Осы мерзім өткен соң, құтқару операциясын жүргізу мүмкін болмай қалуы ықтимал. Осыған байланысты, келесі мемлекеттік органдарға — Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің төрағасына, Ресей Федерациясының Бас прокурорына, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне және Қырғыз Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшісінен Жеңіс шыңы ауданында әуеден видеобақылау ұйымдастыруға көмек сұраймын. Ол арқылы анамның тірі екендігі туралы фактіні нақтылауға мүмкіндік туады. Егер бұл факт расталса, құтқару операциясын ұйымдастыруға жәрдемдесулеріңізді сұраймын»,- деп жазды ол.



