Әуежайдағы оқиға: полиция қызметкерлері жедел әрекет етті ме


Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында жуырда Алматы әуежайында болған оқиғада полиция қызметкерлері жедел әрекет еткені туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Оқиға кезінде көлік полициясының қызметкерлері сол жерде болды. Олардың әрекет етпегені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, лауазымдық міндеттерін орындады. Бүгінде бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатырмыз. Осы орайда Мұса Әбдірайымның ерлігін атап өткім келеді. Ол кісінің жасаған әрекеті нағыз ерлік»,- деді Санжар Әділов.
Еске сала кетейік, 7 наурызда Алматы әуежайында қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, рюкзагында «бомба» бар деп жолаушыларды қорқытқан. Күдіктіге қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды.



