«Соққы қатты болған»: Тахир Халимназаров Шерзаттың кеудесіне пышақ күшпен кіргізілгенін айтты

23 мамыр, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Соққы қатты болған»: Тахир Халимназаров Шерзаттың кеудесіне пышақ күшпен кіргізілгенін айтты
фото: видеодан алынған кадр

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысына тәуелсіз сот медицина сараптамашысы Тахир Халимназаров шақырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол мәйітке қосымша сараптама жасаған. 

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы  Шерзатқа келтірілген жарақатта соққының күші қандай болуы мүмкін екенін сұрады. 

«Егер де пышақтың ұзындығы жараның тереңдігінен азырақ болса, онда пышақ толық кіріп кеткен. Сосын сәл кәудені басқан, сол кезде жарақаттың тереңдігі ұзынырақ болып кетеді. Бұл жерде пышақ толық және күшпен кіргізілген»,- деді Тахир Халимназаров.

Прокурор 12 сантиметр тереңдігі бар жарақатты 9,6 сантиметрлік  пышақпен жасау мүмкін бе екенін сұрады.

«Иә, ондай болады. Күшпен кірзілгенде жарақат тереңдігі 2-3 сантиметрге ұзын болуы мүмкін. Бұл жерде соққы қатты болғанын айта аламыз»,- деді сот сараптамашысы.