Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Бактыгуль Бурбаева
Ресейдің Волгоград облысында Қазан – Адлер бағытымен келе жатқан жолаушылар пойызы КАМАЗ жүк көлігімен соқтығысып, бірнеше вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей теміржолы компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, апат кезінде пойызда 800-дей адам болған. Соның 140-ы жарақат алған. Арасында балалар да бар.
Зардап шеккен азаматтар ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында 324 маман мен 109 техника жұмыс істеп жатыр.
Апаттың мән-жайы анықталуда. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

18 қыркүйек, 2025
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды